«Өмірді мен өлшеймін тек өлеңмен»
10.12.2024
10 желтоқсанда Әмбебап оқу залы ақын, ҚР халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына арналған еске алу кешін өткізді.
Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, ЧелМУ филология кафедрасының профессоры Қадіралинова Марияш Тілеуғабылқызы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бадаева Меңсұлу Сейдағалықызы қатысты.
Кеш Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттерінің ақын өлеңдерін оқуымен сүйемелденді. Сөз сөйлеушілер Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторларының бірі болып қалып отырғанын, оның шығармаларына әлеуметтік және азаматтық тақырып тән екендігін, ақынның өлеңдері өз халқын, оның дәстүрлері мен мәдениетін сүюге және құрметтеуге шақыратынын атап өтті. Іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалдар көрсетіліп, қатысушылардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.
@kf_chelgu
@abaymektebi.fdr
@baitursynuly_university
@sultangazin_institute
@kgk.kst