«Тарихтың қасіретке толы беттері»
28.05.2025
28 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімі «ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі» РММ-де көшпелі іс-шара өткізді.
«Тарихтың қасіретке толы беттері» жад сабағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналды. Бұл Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі. Іс-шара тоталитарлық режимнің құрбаны болған миллиондаған жазықсыз адамдарды еске алып, құрмет көрсету мақсатында өтті.
Бір минут үнсіздік, бейнетаныстырылым, мұрағаттық фотосуреттер, кітап көрмесіне шолу сол кездегі адамдардың тартқан азабы мен шеккен қасіретін тереңірек сезінуге көмектесті. Мұндай іс-шаралар әрқайсымыздың бойымызда әділеттілік, жанашырлық және азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, сондай-ақ еліміздің өткен тарихын ұмытпауға және тарихи сабақтастықты сақтауға көмектеседі.