Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жауапкершілік және жастар: заң талаптары»
23.12.2025
23 желтоқсанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құқық бұзушылықтың алдын алу аясында Қостанай қаласы прокуратурасының өкілдерімен «Жауапкершілік және жастар: заң талаптары» атты ашық сұхбат өтті.
Іс-шараға Қостанай қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Төлегенев Дәулет Радионұлы, Қостанай қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Теңізбаев Дияс Нұржанұлы және оқу орындарының студенттері шақырылды.
Кездесу барысында мамандар жастардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру мәселелері туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, жастардың негізгі құқық бұзушылыққа – сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне, заңсыз схемалар мен қаржылық операцияларға тартылу мәселелеріне тоқталды.
Студенттер қиын өмірлік жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін және мұндай жағдайларда көмек ау үшін қайда жүгіну керектігін сұрап, белсенді сұрақтар қойды.
Спикерлер қалай адал, еркін және жауапты азамат болып қалу керектігі, өздерінің құқықтық мәдениеті мен заңды құрметтеуін қалай дамыту керектігі туралы практикалық кеңестермен бөлісті.
Кездесу іскерлік жағдайда өтті және қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Іс-шараны азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған басылымдар мен материалдар қойылған кітап көрмесі аяқтады. Ол студенттерге қоғам алдындағы құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ