Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсия
24.12.2025
24 желтоқсанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК-нда оқу практикасынан өтіп жатқан «Қостанай колледжі» мекемесінің бірінші курс студенттері үшін экскурсия өтті.
Іс-шара барысында студенттер тіркеу, бақылау және жаңа әдебиеттер секторына барып, оқырмандарды тіркеу тәртібімен, әдебиеттерді беру және қайтару тәртібімен, сондай-ақ кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы осы бөлімнің рөлімен танысты. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің мамандары өз жұмысының бағыттары және оқырмандармен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы айтып берді. Негізгі қорды сақтау бөлімінде студенттер кітапхана қорының сақталу шарттары мен сирек және сұранысқа ие басылымдармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білді. Соңында әмбебап оқу залына барды, онда студенттерге кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді, жұмыс істеп тұрған кітап көрмелері таныстырылды.
Экскурсия студенттерге практика барысында алған білімдерін бекітуге және кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ