Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаңа жылдық ырғақ»
24.12.2025
24 желтоқсанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде жаңа жылға арналған «Жаңа жылдық ырғақ» концерттік бағдарламасы өтті.
Бағдарламаға «До-Ре-Ми» музыкалық клубының мүшелері қатысты. Орындаушылар репертуарының негізін жаңа жылдық әуендер құрады. Көрермендер барлық әртістерге қошемет көрсетіп, қолдап отырды және танымал әндердің әуенімен биге де шықты. Жаңа жылдық танымал туындылар барлық қатысушыларды мерекелік көңіл күйге батырып, өмірдегі жағымды сәттерді еске түсірді.
Іс-шарадан кейін барлық көрермендер, сондай-ақ бағдарлама қатысушылары өз әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ