Фариза Оңғарсынова «Полдневный жар»
24.12.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жаныңа жақын кітабыңды тап» жобасы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№40 мекемесі» РММ-нде Фариза Оңғарсынованың «Полдневный жар» шығармасына арналған әдеби вернисаж өткізді.
Іс-шара көркем әдебиетті насихаттауға және оқырмандарды көрнекті қазақ ақынының шығармашылығымен тереңірек таныстыруға бағытталды. Қатысушылар қазақ поэзиясында ерекше орын алатын шығарманың жазылу тарихы туралы білді, сондай-ақ оның көркемдік, философиялық және эмоционалдық ерекшеліктерін талқылады.
Әдеби вернисаж өмірбаяндық материалдарды, сирек кездесетін фотосуреттерді және ақын шығармашылығын зерттеушілердің пікірлерін пайдаланған танымдық бейнетаныстырылыммен сүйемелденді.