26 желтоқсанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК-нда «Рифмы уходящего года» тақырыбымен «Встреча друзей» музыкалық клубының жақындап келе жатқан жаңа жылға арналған кезекті концерті өтті.
Кеш қонақтары жылулық, қуаныш пен шынайылық атмосферасына бөленді: қатысушылардың әрқайсысына таныс жаңа жылдық сүйікті әуендер шырқалды. Орындаушылар көрермендердің шынайы қошеметіне бөленді, ал отбасылық жағдай деуге болатын достық ахуал қатысушылар мен қонақтардың емін-еркін болуына, эмоциялармен бөлісуге және музыкадан шынайы ләззат алуға мүмкіндік берді.
Концерт «Встреча друзейдің» тек музыкалық клуб емес, өнер мен жұртты зор ықыласпен және сүйіспеншілікпен біріктіріп жүретін қоғамдық ұйым екенін тағы бір растау болды.