Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
12.01.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында жаңа жылда «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда. Бұл жолы сіздердің назарларыңызға Қостанай өңірінің белгілі ақыны, жазушы, драматургі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының «Үміт. Сенім. Арман» атты кітабын ұсынамыз.
Ақылбек Қожаұлы – белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың және тәуелсіз «Алтын қалам» сыйлығының иегері.
Бұл жыр жинағындағы шығармаларда адамгершілік, үміт, сенім, туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен көрініс табады. Қаламгердің поэзиялық және прозалық туындылары оқырман қауым тарапынан жоғары бағаланып келеді. «Үміт. Сенім. Арман» кітабы – автордың рухани дүниесін, өмірлік көзқарасын айқындайтын еңбектерінің бірі.
Қаралым үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.youtube.com/shorts/i7s5ac4vk24

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП