Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлы халықтың ұлы Абайы»
12.01.2026
12 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, ақын және ағартушы ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен көп қырлы шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеде келесідей материалдар: Абай шығармаларының толық жинақтары, поэтикалық шығармалар, «Қара сөздер» және философиялық трактаттар, ақынның өмірі, дүниетанымы мен шығармашылық жолы туралы зерттеулер мен монографиялар, Абайдың қазақ халқының мәдениетіне, әдебиеті мен руханиятына әсері туралы материалдар, ұлы ойшылдың мұрасын түсіндіруге арналған қазіргі заманғы авторлардың басылымдары ұсынылған.
Көрме студенттер, оқытушылар, зерттеушілер, оқушылар үшін, сондай-ақ қазақстандық әдебиет пен ұлттық мәдениеттің барлық әуесқойлары үшін қызықты болады. Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП