Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды»
02.02.2026
Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» виртуалды акциясын ұсынады.
Мәриям Хакімжанова көптеген поэтикалық жинақтардың авторы, оның ішінде адамзат баласының рухани қазынасы саналатын, кітаптың қадір-қасиетін терең танытатын «Кітап» атты тағылымды туындысы ерекше көзге түседі. Ақын кітапты адамды ізгілікке бастайтын, ой-санасын байытып, дүниетанымын кеңейтетін сенімді серік ретінде суреттейді. Өлең мазмұны оқырманды білімге құштарлыққа, парасаттылыққа жетелейді.
Назарларыңызға Нағашыбай Ақниет оқыған Мәриям Хакімжанованың «Кітап» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/shorts/U6SEC0ksoS8

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП