«Сұлу да сүйкімді сүйіктілер»
06.03.2026
6 наурызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «До-ре-ми» клубының Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «Сұлу да сүйкімді сүйіктілер» атты мерекелік концерттік бағдарламасы өтті.
Музыкалық клубтың вокалистері махаббат, көктем, ана қамқорлығы, әйел туралы лирикалық және адамға шабыт беретін әндерді орындады. «Анашым», «Любимая женщина», «Аппақ гүлдер» секілді және тағы басқа эстрадалық танымал туындылар шырқалды.
Бұл концерт қатысушылардың барлығына мәңгілік шындықты: әйелдің барлық уақытта шабыт көзі болып келгенін және болып қала беретінін, солардың арқасында әдемі әндер, өлеңдер мен музыкалық шығармалар дүниеге келе беретінін тағы бір рет еске салды.