«Голоса сердец»
13.03.2026
13 наурызда кітапхана қабырғасында дарынды зағип автор Надежда Коханенконың «Голоса сердец» кітабының тұсаукесері өтті. Кездесу поэзия әуесқойларының басын қосып, ортаны жүректің жылуы мен сезімнің шынайылығына бөледі.
Іс-шара қонақтары жас ақынның шығармашылығымен танысты, автордың оқыған өлеңдерін тыңдап, алған әсерлерімен және шынайы эмоцияларымен бөлісті. Осы кеште оқылған шығармалар тыңдаушылардың жүректерінде толғаныс тудырып, кездесуді ерекше көңіл күй мен мағынаға толтырды.
Тұсаукесер көзбе-көз әңгіме мен сырлы сұхбат үшін тамаша алаңға айналып, жиналғандардың барлығына сөздің бәріне бірдей мүмкіндік беретін кеңістік екенін тағы да еске салды.