Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
07.04.2026
Л. Н. Толстого атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға ыбырайтанушы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Сүйінкина Биялаш Балтақызының «Ы.Алтынсарин - кәсіптік білімнің негізін салушы» атты кітабын ұсынамыз.
Бұл кітапта әр жылдарда түрлі мерзімді басылымдарда жарияланған, сондай-ақ конференция жинақтарына енген материалдар топтастырылған. Кітапқа енген мақалалардың Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметіне, туындыларына байланысты өмірлік маңызы зор, қашанда көкейкесті мәселелер жаңғыртылып, қазіргі заманмен сабақтастырыла берілген.
Жинақ мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, студент жастарға және ұлы тұлғаны өнеге тұтатын өзге де азаматтарға арналған.
Қаралым үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=HLn9OCwTGwU

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП