«Жыр мен жүрек тоғысқан тұңғиық әлем»
07.04.2026
Абонементтер бөлімі ақын, журналист Күләш Ділдәқызы Ахметованың туғанына 80 жыл толуына орай «Жыр мен жүрек тоғысқан тұңғиық әлем» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеде әр жылдары жарық көрген кітаптар, автордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы материалдар, сондай-ақ оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін көрсететін басылымдар: Шәріп А. «Егеулі қалам», «Соғыстан соң туғандар», Құрманғали Қ. «Әдебиет әлеміне саяхат», Бөпежанова Ә. «Мұнара», Үркімбай Н. «Мен... сырласамын» және т.б. ұсынылған.
Көрмені QR-кодтар толықтырады, олардың көмегімен автордың шығармалары, өмірбаяндық материалдары мен шығармашылығы туралы қосымша ақпарат алуға болады. Көрме көпшілік оқырманға арналған және Күләш Ахметова шығармашылығының маңыздылығын естен шығармауды көздейді.
7 және 29 сәуір аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.