Экскурсия
07.04.2026
Бүгін Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абай атындағы орта мектептің 7-ші сынып оқушылары үшін экскурсия өтті. Олар кітапхана бөлімдерін қызығушылықпен аралап, сирек кітаптар қорының көне басылымдарының ерекше әлеміне енді, тарихтың тынысымен танысып, кітаптарда сақталған қазынаның ерекше атмосферасын сезінді.
Экскурсия – бұл кітапханамен танысу ғана емес, сонымен бірге кітапты қолыңа алу, оның ерекше жылуын сезіну мүмкіндігі.