«Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы: ТМД елдері кітапханаларының әлеуметтік бастамалары»
07.04.2026
7 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК ТМД елдеріндегі Денсаулықты қорғау жылы аясында Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы: ТМД елдері кітапханаларының әлеуметтік бастамалары» атты халықаралық онлайн вебинар өткізді.
Іс-шараға Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының қалаларынан кітапхана саласының мамандары мен бейінді мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Вебинар барысында әлеуметтік-мәдени, ағартушылық және инклюзивті жұмыс арқылы халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған кітапханалардың практикалық тәжірибесі ұсынылды. Қатысушылар жұмыстың заманауи форматтарын, волонтерлік бастамаларды, сондай-ақ халықтың психологиялық саулығы мен оқырмандардың түрлі санаттарын әлеуметтік-мәдени оңалту мәселелерін талқылады.
Вебинар өткізу кәсіби байланыстарды нығайтуға және халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.