Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Киім шіріп, тән тозар, өшпей жалғыз сөз қалар»
15.04.2026
15 сәуір күні «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ өлкетану әдебиеттері бөлімі «Әдеби десант» жобасы аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасында ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Ақылбек Қожаұлының 75 жас мерейтойына арналған кезекті әдеби кездесу өткізді. Аталған шығармашылық іс-шара өңір кітапханаларында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан әдеби басқосулардың бір бөлігі болып табылады.
Іс-шараға кітапхана оқырмандары, мектеп және колледж студенттері, сондай-ақ әдебиетке қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қаламгердің шығармашылығына ерекше назар аударып, оның туындылары мен өлеңдеріне үлкен қызығушылық білдірді. Сондай-ақ шараға Қарабалық ауданы әкімдігінің өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, кештің мазмұнын айшықтай түсті.
Ауыл тұрғындары мен оқырмандар Шаяхмет Ақылбек Қожаұлын жылы қабылдап, алдағы уақытта да осындай шығармашылық кездесулердің жалғасуына ниет білдірді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП