«Қазақтың дарабоз жазушысы»
15.04.2026
15 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальонының әскери қызметшілері үшін «Қазақтың дарабоз жазушысы» атты әдеби қонақжай өткізді.
Кездесу Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына арналды. Кітапханашылар қатысушыларды жазушының өмірімен және шығармашылығымен таныстырды.
Іс-шара таныстырылыммен, бейнематериалдармен және кітап көрмесімен сүйемелденді, онда автордың әйгілі шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер ұсынылды. Кездесу соңында викторина өтті.