Кітаптың тұсаукесері
17.04.2026
17 сәуірде Ұлттық кітап күні аясында кітапхана қабырғасында жергілікті ақын, драматург, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Мауданның Наурызым қорығына арналған «Ғажайық арал» кітабының тұсаукесері өтті. Биыл табиғи қорық өзінің мерейтойын – құрылғанына 95 жыл толуын атап өтуде.
Іс-шараға Науырзым ауданының шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысының ақындары мен жазушылары қатысты. Кездесу барысында қорық туралы қызықты және көпшілік біле бермейтін фактілер айтылып, оның тарихы мен қазіргі жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Жиналғандар авторға және іс-шараға қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.