Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Туған жердің тарланы»
20.04.2026
20 сәуірде, Ұлттық кітап күні қарсаңында №31 ЖББМ белгілі ақын, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Шаяхмет Ақылбек Қожаұлымен «Қарымды қаламгер, ардақты азамат» атты шығармашылық кездесу өткізді.
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ іс-шара аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Туған жердің тарланы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Автор 1977 жылдан бастап поэзия, проза және драматургия жанрларында шығармаларын жариялап келеді. Көрмеде оның балаларға арналған кітаптары ұсынылды, бұл жазушының балалар әдебиетіне қосқан үлесін кеңінен атап өтуге мүмкіндік берді.
Бұл іс-шара жазушының бай шығармашылық мұрасын насихаттауға ықпал етті және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға оң әсер етті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП