Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Чайковский – музыка кемеңгері»
06.05.2026
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде орыстың ұлы композиторы Петр Ильич Чайковскийдің туғанына 185 жыл толуына арналған «Чайковский –музыка кемеңгері» көрме-танысуы жұмыс істей бастады.
Көрме Чайковскийдің композитор, ағартушы, дирижер және музыка сыншысы секілді жан-жақты тұлға болғанын көрсетеді.
Көрмеде музыка майталманының өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар мен альбомдар, оның музыкалық мұрасын зерттеулер, сондай-ақ ноталық басылымдар мен әйгілі шығармалардың жазылу тарихын баяндайтын материалдар ұсынылған. Келушілер композитордың өмірінде орын алған қызықты фактілерді біліп, оның шығармашылық жолына шолу жасай алады, әлемдік музыка мәдениетінің қазынасына енген «Аққу көлі», «Щелкунчик» және «Ұйқыдағы ару» балеттері сияқты ұлы шығармалармен, симфониялармен және опералармен таныса алады.
Көрме көпшілік оқырманға арналған және .... және .... аралығында жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП