Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға Ыбырай Алтынсаринге немере туыс болып келетін көрнекті ақын, Мәриям Хәкімжанованың шығармалар жинағын ұсынамыз.
Ақынның үш томдық шығармалар жинағына еш жерде жарияланбаған дүниелері де енді. Жеке мұрағатынан алынған әзіл айтыс, арнаулары тұңғыш рет осы жинақта көрсетілді. Халқымыздың ірі тұлғалары туралы естелік, мақалалары Мәриям Хәкімжанованың артына қалдырған баға жетпес мұраларының бірі болып табылады.
https://www.youtube.com/watch?v=h5q_3ah4heM