Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тарих сабағы – өткенге көрсетілген құрмет»
18.05.2026
Құрметті оқырмандар! 18 мамырдан бастап Әмбебап оқу залында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих сабағы – өткенге көрсетілген құрмет» атты тарихи-танымдық кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Бұл күн тарихтың қайғылы кезеңдерін – миллиондаған адамдар әділетсіз қудалаудың құрбаны болған сталиндік террор уақытын еске түсіреді.
Көрмеде «Азаттық таңын аңсаған арыстарым!», «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы», «Алашорда және Ілияс Жансүгіров», «Репрессия құрбандары» секілді кітаптар мен мақалалар қойылған. Көрме қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтардың тағдыры, жер аударылған халықтар, ашаршылық құрбандары туралы баяндайды, сондай-ақ тарихшылардың ғылыми еңбектерімен және деректі материалдармен таныстырады.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.
Көрме туралы бейнеролик жасау үшін заманауи жасанды интеллект құралдары пайдаланылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП