«Путь к читателю: видеть не глазами, а сердцем»
21.05.2026
21 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Путь к читателю: видеть не глазами, а сердцем» онлайн семинарына қатысты.
Бөлім атынан кітапханашы Жамбекова Ботагөз Отағанқызы «Слышать, чувствовать, понимать: диалог библиотеки и читателя» тақырыбында баяндама жасады. Ақпараттың қолжетімділігіне, мәдени-демалыс жобаларға, цифрлық сауаттылықты дамытуға, қызығушылық клубтарының жұмысына және оқырмандардың әлеуметтенуі мен қарым-қатынасы үшін қолайлы орта құруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ зағип және нашар көретін пайдаланушыларды қолдауға, шығармашылық дамытуға және әлеуметтік-мәдени оңалтуға бағытталған жобалар мен іс-шаралар ұсынылды.
Табысты тәжірибелер, шығармашылық жобалар және ерекше оқырманмен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін ұсынған Қазақстанның облыстық кітапханалары өкілдерінің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды.
Семинар жылы және достық атмосферада өтіп, кәсіби қарым-қатынас үшін пайдалы алаңға айналды. Мұндай кездесулерге қатысу кәсіби дамуға, идеялармен алмасуға, кітап оқуды ілгерілетуге және инклюзивті кітапхана ортасын ұйымдастыруға ықпал етеді.