«Ақиқаттың алдаспаны болған ақын»
01.06.2026
1 маусымнан бастап Өлкетану әдебиеттері бөлімінде ақын, КСРО Журналистер одағының мүшесі Кеңшілік Мырзабековтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Ақиқаттың алдаспаны болған ақын» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Кітап көрмесінің мақсаты – Кеңшілік Мырзабековтың шығармашылығын насихаттау, ұлттық әдеби мұраны сақтау және ілгерілету, сондай-ақ оқырмандарды рухани-адамгершілік және танымдық тұрғыдан тәрбиелеу.
Көрмеде ақынның шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, замандастарының мақалалары мен естеліктері қойылған. Келушілер қазақ поэзиясы мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан автордың бай әдеби мұрасымен таныса алады.