«Жазғы оқылым» әлеуметтік-мәдени акциясы
04.06.2026
Жазғы демалыс – тынығудың, шығармашылықтың, жаңа таныстықтар мен қызықты жаңалықтардың кезеңі. Кітапхана мектеп оқушыларын көптеген қызықты кездесулер мен ұмытылмас әсерлер сыйлайтын «Жазғы оқылым» әлеуметтік-мәдени акциясының қатысушылары болуға шақырады.
Жаз бойы балаларды әдеби ойындар мен викториналар, көңілді байқаулар, сүйікті мультфильмдерді көру, «Эмодзи бойынша мультфильмді тап» атты қызықты ойын, шығармашылық шеберлік сабақтары және кітап әлеміне саяхаттар секілді танымдық және ойын-сауық іс-шаралары күтеді.
Белсенді демалысты ұнататындар делебеңді қоздырар би сайыстарына қатысып, командалық жарыстарда тапқырлығы мен зеректігін көрсете алады, ал жас әртістер сахнада сүйікті ертегілерін сахналау барысында өздерін актер ретінде сынап көріп, әйгілі әдеби кейіпкерлерге жан бітіретін болады. «Жазғы оқылым» акциясы – демалысты қызықты әрі пайдалы өткізудің, кітаптардың таңғажайып әлемін ашудың, шығармашылық қабілетті дамытудың және жаңа достар табудың тамаша мүмкіндігі.
Бізбен бірге оқыңыздар, шығармашылықпен айналысыңыздар, ойнаңыздар және жаңа көкжиектерді ашыңыздар!
Барлық оқушыларды кітапханамен бірге жазды жарқын, көңілді және пайдалы өткізуге шақырамыз!
Жазылу және анықтама телефоны: 500-687