«Ақша және мораль»
15.06.2026
15 маусымнан бастап Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қонақжайында ағылшын драматургі Джордж Бернард Шоудың туғанына 170 жыл толуына және америкалық жазушы Теодор Драйзердің туғанына 155 жыл толуына арналған «Ақша және мораль» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Көрмеде авторлардың шығармашылығы мен философиялық көзқарастарының ерекшеліктерін ашатын ең танымал шығармалары ұсынылған. Оларда қазіргі қоғамда да өзекті болып қалып отырған моральдық таңдауға, ақшаның күшіне, адами қатынастар мен әлеуметтік әділеттілік тақырыптарына ерекше назар аударылады.
Көрме классикалық әдебиетті ұнататындар үшін де, Бернард Шоу мен Теодор Драйзердің өнер әлемімен алғаш танысып отырғандар үшін де қызықты болады.