«Жазғы оқылым»
24.06.2026
22 маусымнан бастап Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жаз маусымы бойы қала тұрғындары мен қонақтарына кітап оқып, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін жыл сайынғы «Жазғы оқылым» акциясын өткізеді.
Күн сайын Орталық қалалық саябақта кітапхана қорындағы ең қызықты басылымдар ұсынылады: көркем әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, психология және басқа да бағыттардағы кітаптар көрмеге қойылады.
«Жазғы оқылым» акциясы кітап пен кітап оқуды насихаттауға, бос уақытты пайдалы өткізуге және зияткерлік қарым-қатынас үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Кітапхана барлық ниет білдірушілерді акцияға қатысуға және жаз мезгілін жақсы кітаптардың ортасында өткізуге шақырады.