«Жетпіс бес жылдық жыр мен ән жолы»
24.06.2026
24 маусым күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жастар сарайында композитор, музыкант, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, Меңдіқара ауданының құрметті азаматы Бақытжан Дәуренұлы Сәуекеновтің шығармашылығына арналған безендірілмелі кітап көрмесін ұсынды.
Көрме келушілерді Қазақстанның музыкалық өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерінің өмірімен және шығармашылық жолымен таныстырады. Көрмеде өмірбаяндық материалдар, оның шығармашылығы туралы жарияланымдар, фотосуреттер, мерзімді басылымдардағы мақалалар, сондай-ақ оның жетістіктері мен марапаттары туралы мәліметтер ұсынылған.