Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Көңіл күйі»
09.07.2026
9 шілдеде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Меңдіқара ауданының әуесқой суретшісі Светлана Суворованың туындылары ұсынылған «Көңіл күйі» атты жеке көрме ашылды.
Көрме келушілерді туындылары шынайылыққа, жан жылуына және туған өлкеге деген сүйіспеншілікке толы талантты автордың шығармашылығымен таныстырады. Суретші өз еңбектерінде табиғаттың сұлулығын, қоршаған әлемнің сан алуан түсін және жан дүниесінің нәзік сезімдерін бейнелей отырып, көрермендерді шабыт пен үйлесімге толы ерекше әлемге жетелейді.
Баршаңызды «Көңіл күйі» атты көрмені тамашалап, Светлана Суворованың шығармашылығымен танысуға шақырамыз. Көрме бейнелеу өнерін бағалайтын қауым үшін де, жаңа есімдерді танып-білуге және талантты жерлестеріміздің шығармашылығынан шабыт алуға құштар жандар үшін де қызықты болмақ.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП