«Жалықтырмас жаз»
10.07.2026
10 шілдеде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері генерал С. Бәкіров атындағы жазғы лагерьге барып, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный балалар үйі» КММ тәрбиеленушілеріне арналған көшпелі іс-шара өткізді.
Балалар үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама әзірленді. Қатысушылар жаз мезгіліне арналған шығармашылық шеберлік сыныптарына белсене қатысып, бөлімнің музыка жайындағы әдебиеттерімен және музыкалық картотека материалдарымен танысты. Сонымен қатар түрлі би байқауларында қатысып, уақытты көңілді өткізді.
Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа әсерлер мен қуанышты сәттер сыйлады. Мұндай іс-шаралар жазғы демалысты қызықты, танымдық әрі шын мәнінде есте қаларлықтай өткізуге мүмкіндік береді.