Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлт жадының сақшысы – Тұрсын Жұртбай»
04.08.2026
Абонементтер бөлімінде жазушы, абайтанушы, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Тұрсын Жүртбайдың 70 жылдығына орай «Ұлт жадының сақшысы – Тұрсын Жұртбай» атты кітап көрмесі дайындалды. Автордың шығармашылық және ғылыми жұмысы қазіргі қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. Оның терең тарихи зерттеулері, көркем шығармалары мен публицистикалық еңбектері ел ішінде кең танымал болды.
Көрме келушілерді жазушының бай әдеби және ғылыми мұрасымен таныстырады. Көрмеде автордың үш томдық шығармалары, әңгімелері, повестері, романдары, эсселері мен публицистикалық шығармалары қойылған. Олардың ішінде «Ұраным – Алаш», «Кешегі өткен би Құнанбай», «Біртұтас Алаш идеясы», «Жүрегімде – жұмыр жер», «Бесқарагер», «Бейне сусыны» кітаптары бар.
Көрмені жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндайтын басылымдар толықтырады. Олардың арасында Д. Рамазанның «Дәрмене: көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер», «Қазақ энциклопедиясы: энцикл. анықтамалық», Б. Тілегеновтың «Шығармалар жинағы», А. Кемелбаеваның «Сөз хикмет», С. Қирабаевтың «Тәуелсіздік рухымен», Д. Ысқақұлының «Қазақ әдебиеттанушылары» басылымдары бар. Бұл басылымдарда жазушының жеке басына, оның шығармашылығына және қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесіне арналған мақалалар мен зерттеулер бар.
04-28 тамыз аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП