Өлкетану әдебиетері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер циклін жалғастыруда.
Бұл шолуда сіздерді жерлесіміз Владимир Иосифович Гершунның «Моя жизнь» кітабымен таныстырғымыз келеді. Бұл кітап автордың өмір жолы, әртүрлі жылдардағы оқиғалар, оның тағдырында елеулі із қалдырған адамдар туралы шынайы әңгімесі. Автордың жүрекжарды естеліктері мен ой-толғаныстары өткен кезең мен бірге жүрген жандардың бейнесін есте сақтауға мүмкіндік береді.