Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызы»
17.08.2026
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызы» тақырыбында бейнесұхбат өтті. Кездесудің спикері тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Исмаилов Серікжан Сағындықұлы болды.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығы мен терең мағынасы, олардың отаншылдықты, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі ашылды. Оқырмандар рәміздердің жасалу тарихы, олардың қазіргі қоғамдағы және күнделікті өмірдегі маңызы туралы қызықты фактілерді білді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП