Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлт қайраткері: ұлттық рухтың ұраншысы – Өзбекәлі»
14.08.2026
14 тамыздан бастап Әмбебап оқу залында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, Қазақстанның ұлттық мәдениетін зерттеуші Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Ұлт қайраткері: ұлттық рухтың ұраншысы – Өзбекәлі» атты көрме-портрет жұмыс істей бастады. Ол өз еңбегімен тарихи-мәдени мұраны сақтауға, халықтық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және қазақ халқының рухани құндылықтарын дамытуға өлшеусіз үлес қосты.
Көрмеде көрнекті қоғам қайраткерінің өмір жолы мен сан қырлы қызметін жан-жақты көрсететін кітаптар, мақалалар және басқа да материалдар ұсынылған. Көрмеде оның «Эхо… По следам легенды о золотой домбре» атты еңбегі мен Қазақстанның тарихы, этнографиясы, мәдениеті және ұлттық өнеріне қатысты өзекті мәселелер жан-жақты қамтылған екі томдық «Таңдамалы шығармалар жинағы» ерекше орын алады.
Көрме көпшілік оқырман қауымына арналған және келушілерді ұлттық мәдениет пен тарихи жадыға адалдықтың символына айналған Өзбекәлі Жәнібековтің мол рухани мұрасымен таныстыруды мақсат етеді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП