«Қостанай – қасиетті өлке, қастерлі мекен»
14.08.2026
14-15 тамыз күндері Қала күні мен Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай өткен «Kostanay Book Fair» кітап жәрмеңкесі аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Қостанай – қасиетті өлке, қастерлі мекен» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұсынды.
Бұл экспозиция мұрағаттық құжаттар, энциклопедиялар, суретті альбомдар және көрнекті жерлестеріміздің еңбектері арқылы өлкеміздің бай тарихын, мәдениеті мен экономикалық мұрасын көрсетті. Тақырыптық бөлімдер Қостанай облысының өткенімен және қазіргі жағдайымен, оның табиғи байлықтарымен және киелі нысандарымен таныстырды. Көрмеге жасалған жан-жақты шолу облыстың бай тарихи-мәдени мұрасын біліп қана қоймай, сонымен қатар туып-өскен өңірге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көмектесті.