Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Семей полигоны: тарих пен тағылым»
14.08.2026
14 тамыздан бастап Әмбебап оқу залында Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған «Семей полигоны: тарих пен тағылым» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрме келушілерді әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигонының тарихымен, оның адам өміріне, қоршаған ортаға және қоғамның дамуына тигізген әсерімен таныстырады. Көрмеде ядролық сынақтардың зардаптарын, антиядролық қозғалыстың жұмысын және Қазақстанның бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін көрсететін кітаптар, құжаттық материалдар, тарихи зерттеулер мен куәгерлердің естеліктері ұсынылған.
Көрменің көрнекті жеріне қойылған Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» және Кешірім Бозтаевтың «Семипалатинский полигон» кітаптарында ядролық сынақтардың өңір тұрғындарына тигізген ауыр зардаптары, полигонды жабу жолындағы күрес және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері жан-жақты баяндалады.
Көрменің мақсаты өткен оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтау, экология мен халық денсаулығын қорғау мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ ядролық қарудан азат бейбіт болашақтың маңызын насихаттау болып табылады.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Баршаңызды ұсынылған басылымдармен танысуға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП