«Я поэт. И этим интересен!»
14.08.2026
14 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Kostanay Book Fair» кітап жәрмеңкесі аясында Рудный қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесе отырып «Я поэт. И этим интересен!» атты поэтикалық кездесу өткізді.
Кездесудің қонағы Солтүстік Қазақстан жазушылар қауымдастығының мүшесі, Ресей Федерациясы Мәдениет және өнер қайраткерлері одағының мүшесі, «Рудный меридиан» әдеби бірлестігінің жетекшісі, ақын әрі жазушы Татьяна Маркова болды.
Кездесуге қатысушылар автордың шығармашылық жолымен танысып, әдеби бірлестіктің жұмысы туралы мағлұмат алды, қазіргі қоғамдағы поэзияның рөлі, шабыт пен әдеби шығармашылық жайында ой бөлісті. Кештің ерекше сәті автордың өз өлеңдерін оқуы болды. Бұл көрермендерге жылы әрі шынайы атмосфера сыйлады.
Кездесу еркін пікір алмасуға, шығармашылық диалогқа және дарынды жерлесіміздің заманауи поэзиясымен танысуға мүмкіндік берген мазмұнды алаңға айналды.