Құрметті пайдаланушылар, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі назарларыңызға Брайль жүйесі бойынша тактильді қабылдау арқылы оқуды және жазуды үйретуге арналған «Мені оқуға үйрет» атты бейнесабақты ұсынады.
Бейнесабақ Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпінің негіздерімен таныстырып, оны қолдану қағидалары туралы түсінік береді. Оқырмандар әріптердің, сандардың және тыныс белгілерінің қалай жазылатынын біледі.
Брайль қарпін меңгеру кітаптарға, оқу материалдарына және басқа да көптеген ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ адамның білім беру және әлеуметтік ортада өзін еркін әрі сенімді сезінуіне мүмкіндік береді.
Тыңдау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=JqIFfb3lrCc