Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Семей полигоны: өткеннің мұрасы, болашаққа үміт»
26.08.2026
Семей ядролық полигонының жабылуының 35 жылдығына орай Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметшілері үшін «Семей полигоны: өткеннің мұрасы, болашаққа үміт» атты еске алу сағатын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Семей ядролық полигонының құрылу тарихымен және жұмысымен танысып, осы жерде жүргізілген ядролық сынақтардың ауқымы және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тигізген қасіреті мен салдары туралы білді. Ядролық сынақтарға қарсы күрестегі ең маңызды қоғамдық қозғалыстардың біріне айналған «Невада – Семей» қоғамдық антиядролық қозғалысының рөліне көп көңіл бөлінді.
Полигонның тарихы, жүргізілген сынақтар мен куәгерлердің естеліктері туралы баяндайтын деректі фильмдер үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара қонақтары үшін «Семей полигоны: тарих пен тағылым» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Еске алу сағатының соңында қатысушылар «Миф или реальность» атты зияткерлік ойынына және тақырыптық ребустарды шешуге қатысты. Іс-шара ашық диалог жағдайында өтті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП