Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Назарларыңызға Данияр Ихсанның «Абадан» деректі-көркем повесін ұсынамыз.
Шығарма Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Міржақып Дулатұлының өмір жолына арналған. Повесте тарихи оқиғалар қазіргі заманмен керемет байланыс табады. Басты кейіпкер – Астанада тұратын оқушы Мадияр бала кезінен Алаштың тарихи тұлғаларын білуге құмартады. Динамикалық сюжет, жарқын әрі әсерлі көркем тіл және тарихи деректердің шынайылығы повесті жасөспірімдер мен жастар үшін тартымды етеді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:
https://www.youtube.com/shorts/SRng_Wtt7Ok