Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Отбасылық дәстүрлер – тәрбие негізі»
10.09.2026
10 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Отбасы күніне арналған кездесу өтті.
Іс-шараның қонағы «ДоРеМи» клубының музыкалық жетекшісі, көп балалы әке, жеңіл атлетикадан облыстық жарыстардың жеңімпазы Қанат Жақсыбаев болды.
Жүрекке жылы және сенімді қарым-қатынас жағдайында қатысушылар Қанат пен Айжан Жақсыбаевтар отбасының тарихымен танысып, олардың отбасылық дәстүрлері мен жеті баланы тәрбиелеудің ерекшеліктері туралы білді. Қатысушылар қонаққа сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ отбасылық негіздерге, мәдениет пен дәстүрлерге арналған шағын викторинаға қатысты.
Жақсыбаевтар отбасымен өткен кездесу қатысушыларға ерекше шабыт сыйлап, отбасының басты құндылықтары – сүйіспеншілік, өзара түсіністік, құрмет пен қолдаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Өйткені отбасы адамға өмір жолында нық қадам басып, алға сеніммен ұмтылуға көмектесетін ең сенімді тірек болып табылады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП