«Өмірді әзілмен өрген сатирик»
11.09.2026
11 қыркүйек күні «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де «Kitap Time – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында сатирик, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчиннің туғанына 85 жыл толуына арналған «Өмірді әзілмен өрген сатирик» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен сөз болып, оның қазақ сатирасы мен журналистикасының дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Қатысушылар жазушының сатиралық шығармаларынан үзінділер оқып, қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті. Оның шығармашылығының ерекшелігі мен туындыларының тағылымдық мәні жөнінде әсерлі пікірлер айтылды.
Кеш аясында Ғұмар Ахметчиннің әдеби мұрасын кеңінен насихаттауға арналған кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің кітаптары, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-зерттеу материалдары қойылып, оқырман назарына ұсынылды.