Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Естелік үні – өнердің мәңгі нұры»
11.09.2026
11 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында V Республикалық «Kitap time – 2026» кітап фестивалі аясында көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылғанына 80 жыл және атақты жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылғанына 100 жыл толуына арналған «Естелік үні – өнердің мәңгі нұры» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті.
Іс-шара жастарды қазақ халқының бай мәдени мұрасына баулу, ұлттық өнер мен әдебиетті насихаттау, сондай-ақ отандық мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығына деген құрметті қалыптастыру мақсатында қаланың оқу орындарының студенттері үшін ұйымдастырылды.
Кеш барысында студенттер шығармалардың жазылу және қойылу тарихымен, олардың көркемдік құндылығымен әрі қазақ опера және театр өнерін дамытудағы маңызымен танысты.
Іс-шара жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, студенттерге жарқын әсер сыйлады және қазақ мәдениетінің байлығына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП