Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Біздің сүйікті киномыз»
11.09.2026
11 қыркүйекте Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері Мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай оңалту орталығында 12 қыркүйекте атап өтілетін Қазақ киносы күніне орайластырылған «Біздің сүйікті киномыз» атты тақырыптық іс-шара өткізді.
Іс-шараға қатысушылар отандық кинематография әлеміне саяхат жасап, сүйікті фильмдері мен танымал қазақстандық актерлерді еске алды.
Кездесудің басты оқиғасы отандық «Кенже» көркем фильмін (режиссері Ермек Тұрсынов) көрсету болды. Адалдық, борыш пен отбасылық құндылықтар туралы бұл өткір сюжетті туынды көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фильмді тамашалағаннан кейін қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, фильмнің сюжеті мен кейіпкерлерін талқылады, сондай-ақ ұйымдастырушыларға сыйлаған эмоциялары мен қызықты мәдени оқиға үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
Жылы әрі достық атмосферада өткен кездесу қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, уақытты достарымен бірге және қызықты өткізуге мүмкіндік берді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП