Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет»
17.09.2026
17 қыркүйектен бастап Әмбебап оқу залында Халықаралық қарттар күніне орайластырылған «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» көрме-қарауы жұмыс істей бастады.
Көрмеде қарттардың жастарды тәрбиелеудегі рөлін, олардың өмірлік даналығын, рухани тәжірибесін және отбасылық дәстүрлерді нығайтуға қосқан үлесін ашатын кітаптар мен мақалалар ұсынылған.
Көрмеде К. Әлпейісованың «Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп…» және «Воспитание внуков» атты кітаптары ерекше орын алады. Бұл еңбектерде отбасылық тәрбие, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, парыз бен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ үлкендерді құрметтеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Ч. Солтер мен Ш. де Лерма Солтердің «Борцы с возрастом» атты кітабы оқырмандарды белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулықты сақтау және егде жаста да толыққанды өмір сүруге қатысты қазіргі кездің көзқарасымен таныстырады.
Көрме қарттарға құрмет пен қамқорлық көрсету қоғамның рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін еске салады. Себебі аға буынға деген ілтипат адам бойында мейірімділік, қайырымдылық, алғыс сезімін және бүкіл өмірін отбасына, еңбекке және бала тәрбиесіне арнаған жандарға деген шынайы құрметті қалыптастырады.
Баршаңызды көрмені тамашалап, даналыққа, өмірлік тәжірибеге және жан жылуына толы кітаптармен танысуға шақырамыз.
Көрме-қарау бір ай бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП