Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тағдыр толқынында: ұлт тарихы мен адам тағдыры»
17.09.2026
17 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романына арналған «Тағдыр толқынында: ұлт тарихы мен адам тағдыры» атты әдеби талдау сағатын өткізді. Шығарма «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Жыл кітабы ретінде таңдалған болатын.
Іс-шараға дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын әулет» номинациясы бойынша жеңімпазы Г. М. Ермағамбетова қатысты.
Кездесуге қатысушылар адам тағдырының халық тарихымен тоғысуын бейнелейтін шығарманың негізгі тақырыптарын талқылады, сондай-ақ отбасылық кітап оқу дәстүрлерін сақтаудың және өскелең ұрпақтың қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын тәрбиелеудің маңыздылығын сөз етті.
Әдеби сағатқа кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда автордың шығармалары және оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП