Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»
07.10.2026
7 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабына шолу жасалды.
Басылымға мемлекет басшысының еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналған қазақ және орыс тілдеріндегі таңдаулы баяндамалары мен сөйлеген сөздері енген.
Шолу барысында тыңдаушылар кітаптың мазмұнымен, оның негізгі тақырыптарымен және идеяларымен таныстырылды. Жүргізушілер қазіргі Қазақстанның дамуы, қоғамдық диалогты нығайту, азаматтардың жауапкершілігі және әділ қоғамды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Іс-шараға «Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ тыңдаушылары және «Жастар Рухы» ЖҚ-ның Қостанай облыстық филиалының өкілдері қатысты.
Мұндай шолулар қоғамдық маңызы бар әдебиетке деген қызығушылықты арттырады, оқырмандарды жаңа басылымдармен таныстырады және олардың ой-өрісін кеңейтеді.