«Бір кітаптың портреті» Г. Троепольский «Белый Бим Чёрное ухо»
15.10.2026
«Бір кітаптың портреті» жобасының жалғасы ретінде оқырмандар назарына Г. Н. Троепольскийдің 1971 жылы алғаш рет «Наш современник» журналында жарияланған «Белый Бим Чёрное ухо» повесі бойынша дайындалған бейнеролик ұсынылды.
Повестің негізгі тақырыптары – мейірімділік пен адамгершілік. Автор Бим есімді иттің жан тебірентерлік оқиғасы арқылы өмірдің қандай жағдайында да мейірімділікті, жанашырлықты және қамқорлыққа мұқтаж жандар алдындағы жауапкершілікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Повесть оқырманды адамгершілік құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы ойлануға жетелейді және жануарларға қамқорлықпен қарауды үйретеді.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: