Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Оқитын ұлтты қалыптастыру: идеядан бағдарламаға дейін»
16.10.2026
Назира Дәулетованың 100 жылдығына арналған «Кітапхана – ұлт руханиятының тірегі: мұра, мүмкіндік, мақсат» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында кітапханаларды дамыту бөлімі облыстық кітапханалардың әдіскерлеріне арналған «Оқитын ұлтты қалыптастыру: идеядан бағдарламаға дейін» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сабағына қатысушылар жұмыс топтарына бөлініп, өңірлік бағдарламаның жекелеген бөлімдерін әзірледі. Әр топ бағдарламаның мақсатын, нысаналы аудиториясын, негізгі бағыттары мен іс-шараларын айқындады. Қорытынды кезеңде әзірленген жобалар қорғалып, оларды облыс кітапханаларында іске асырудың практикалық мүмкіндіктері талқыланды.
Іс-шара бағдарламалық-мақсатты жоспарлау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ кітап оқуды насихаттау және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы тәжірибе алмасуға ықпал етті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП